Кітапхана меңгерушісі – Исмагулова Айсулу Рамазановна

 

 

кітапханашы – Испусинова Жазира Кенжегуловна

Кітапханамыз мектептің бірінші қабатында орналасқан.

Жалпы көлемі -71,4 шарша метр.

Оқу залы мен абонемент залы біріктірілген, 10 орын жайы, 3 кітап сақтайтын жері бар.

Кітапхананың жалпы қоры - 62488,

оның ішінде оқулықтар -43215,

көркем әдебиет – 18340.

Кітапханамыздағы оқырмандар саны -1122.

Мұғалімдер – 108,

оқушылар -1229 және

басқа қызметкерлер – 65.

Келушілер саны – 6230.

Берілген кітап саны – 14563.

Жаңа оқулықтар саны–28893.

педагогикалық әдебиет-80

салалық әдебиет-55

электрондық оқулықтар аудио-бейне құжаттар-244

 

Көрмелер

Мектеп қабырғасында қыркүйек айы бойынша 4-8 сынып оқушылары арасында Еліміздің Ұлы заңының 23 жылдығы. Конституция күні, Авар ақыны Р.Гамзатовтың 95 жылдығына арналған «Кітап сөрелеріне саяхат», Орыс ақыны Л.Толстойдың 190 жылдығына арналған кітап көрмесі, Кеңес ақыны, балалар жазушысы Б.Заходердің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі, «Чудный мир Б.Заходера» жазушының кітаптарына саяхат, Қазақтың жерлес-ақыныТ.Жароковтың 110 жылдығына арналған кітап көрмесі, Қазақ жазушысы О.Бокеевтің 75 жылдығына арналған кітап көрмесі секілді көрмелер ұйымдастырылды.

 

 

 

Мақсаты: 1.Оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және жаңа әдебиеттермен таныстыру .

 

Өткізілген шаралар

Атап айтсақ, Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын, «Қазақстан – 2030» бағдарламасын насихаттау жұмысын жүргізу; Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағытын насихаттау; «Мемлекеттік тіл», «Мәдени мұра», «Оқуға құштар Қазақстан» бағдарламасының негізінде жұмыстану; Ұлы Жеңістің 73 жылдығына іс-шаралар өткізу; «Бір ел – бір кітап», «Әдеби Ақжайык» « 100-кітап» «Рухани жанғыру» акциясы аясында жұмыстану; Қазақстан және әлем халықтарының өнері мен әдебиетін насихаттау; Мемлекеттік мейрамдар мен атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізу; Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мақсатында анықтама-библиографиялық және ақпараттық жұмыстарын жүргізу болды. Осы бағыттардың ішінде «Бір ел – бір кітап», «100 кітап» және «Рухани жаңғыру» бағыттарын ерекше атап өтугі болады. Осы бағыттарды жүзеге асыру барысында төмендегі шаралар жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, 5-сынып оқушыларымен «Если дружат люди-дружат языки» атты тілдер күніне арналған сыныптан тыс шарасы өткізілді. Шара барысында тілді насихаттау, құрметтеуге бағытталған өлең-жырлар оқылып, естеліктер тыңдалды.

Қазан айында Жерлес жазушымыз Д.Молдагалиевтің 98 жылдығына арналған «ӘдебиАқжайық» жобасының аясында «Певец степного Приуралья»әдеби-географиялық қонақжайы, Қазақ ақыны С.Торайгыровтың 125 жылдығына және Қазақстандық балалар жазушысы М.Алимбаевтің 95 жылдығына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Қараша айы ішінде Орыс жазушысы И.Тургеневтің 200 жылдығына, Балалар жазушысы Н.Носовтың 110 жылдығына арналған «Человек с детской душой», Балалар жазушысы В.Драгунскийдің 105 жылдығына арналған «он живой и светится» атты кітап көрмелері мен Н.Носовтың «Незнайка и все-все-все…» шығармалары бойынша кітап викторинасы өткізілді. Викторинаға 6-сынып оқушылары қатысты. Сондай-ақ, «Әдеби Ақжайық» жобасы аясында жерлес жазушымыз Х. Есенжановтың 110 жылдығына арналған «Певец степного Приуралья»әдеби-географиялық қонақжайы жүзеге асырылды.

Ал желтоқсан айында мерекелік күндерге байланысты шаралар ұйымдастырылып, өз оқырмандарын бір қуантты. Атап айтсам, Алғашқы Президент күні, Орыс ақыны Ф.Тютчевтің 210 жылдығына арналған, Қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың 90 жылдығына және «Главное достижение народа-Независимость» атты ҚР Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмелері назарға ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақ күйлерінің танымал орындаушысы, халықтың әйгілі музыканты Құрманғазының 200 жылдығына арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы «Звучи, домбра!» іс-шарасы өткізілді.

Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл бойы оқылатын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы, Немат Келімбетовтың кітаптарын насихаттау мақсатында, кітапхана ұжымы білім алушы оқушылар қауымына бірқатар шаралар ұйымдастырды. Атап айтсам, ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары мен әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман - Мамыр», «Ләйлі - Мәжнүн» секілді жыр жинақтары мен поэмалары назарға ұсынылды.

Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Майдан», «Елбасына күн туса» атты шығармалары үгіт-насихат етілді. Жазушының шығармаларынан бұрын оның ел алдындағы ерлігі үлкен тақырыпқа айналды. Оқушылар батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысқаны, 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бақытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізіп, білікті комбасттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шыққаны туралы ақпараттар өте танымды болды.

Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Немат Келімбетов қазақ халқына «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Авеста» қасиетті жазбалар жинағы, Ежелгі әдеби жәдігерліктер, «Аттилла», «Көк бөрі» секілді дастандарымен танымал. Оқушылар аталған туындылармен жақынырақ танысып, еңбектерінде терең философиялық ойлардың бар екендігін байқап жатты.

Мектеп қабырғасында оздырылған шара өз мақсатына жетіп, білім алушылар құнды мағлұматтарға ие болды деп үлкен сеніммен айта аламыз.

 

 

 

 

 

Біздін жетістіктеріміз.