Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты айдармен өткізілді.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде КММ осы акция бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді

Жалпыға білім беру оқу қорынан көп балалы, аз қамтылған және жетім санатындағы 29 оқушыға мектеп формасы, кеңсе тауарлары берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 15 оқушыға спорттық киім, оқу құралдары және сөмкелер таратылды.

Демеушілер тарапынан да, ата-аналар Дибе Наталья Дмитреевна, Көмекбаева Эльмира аз қамтылған оқушыларға сөмке оқу құралдарымен көмек беріп, қайырымдылық іс жасады.
Оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты «Мектепке»жол акциясы аясында уақытшаға әлеуметтік қорғалмаған (аз қамтылған), атаулы әлеуметтік көмек алатын, өзге санаттағы 45 оқушыға компьютер, ноутбук және планшеттер таратылды.

«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді !