Орал қаласы бойынша КММ № 21 ЖОББМ

Негіздеме

«№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 1973 жылы негізі қаланған.

Мекен жайы: Ықсанов көшесі, 75.

Жер учаскесінің алаңы: 2,0127 га;

Темірбитонна салынған төрт қабатты мектептің жалпы аумағы -7413,9 м2;

Кірпіштен салынған екі қабатты қосымша ғимарат-1573,4м2.

Мектеп 1350 оқушыға есептелініп салынған.

Оқу кабинеттері - 40.

20 орынға арналған кітапхана, оқу залы жоқ.

Мәжіліс залы – 200 орын.

Сонымен бірге мектепте:

- интерактивті тақта орналасқан 10 (физика, химия, биология, қазақ тілі, информатика, ағылшын тілі, математика, 2 бастауыш сынып, география) кабинет

- 2 информатика кабинеті – 22 +2

- 2 медициналық кабинет (аумағы – 12,4 м2 және 12)

- 200 орындық 1 асхана (219,7 м2) бар.

 

Қазіргі кезде орташа есеппен 25 адамнан келетін 55 сынып желісі бар.

Жалпы 1-11 сынып аралығындағы оқушылардың саны - 1317 (оның ішінде мектеп алды даярлық сыныбы – 123 оқушы)

Бастауыш (1-4 сынып) – 686 оқушы, негізгі (5-9 сынып) – 555 оқушы, орта (10-11 сынып) – 77 оқушы.

Оқушылар екі ауысымда оқиды, І ауысымда – 718 (54%), ІІ ауысымда – 599 (46%).

Мұғалімдер саны – 113, кіші қызметкерлердің саны – 54 (кітапханашы – 2, шаруашылық жөніндегі орынбасар – 1, инженер – 1, техник – 0,5, лаборант – 3,5, электрик – 1, күзетші – 3,сантехник-1, аула сыпырушы – 5, вахтер – 3, бас есепші – 1, есепші – 2, еден жуушы – 25, киім қабылдаушы – 3, іс-қағаз жүргізуші-1, хатшы-1, ) .

№21 жалпы орта білім беретін мектебі 1973 жылы қаладағы алғаш ашылған орыс мектептерінің бірі. Салынғаннан бері ешқандай күрделі жөндеу өтпеген. Мектептің төбесінің шатырлары, еден тақтайлары, есіктері қабырға сылаулары, әжетханалар, су құбыр каналдары, трубалар, жылыту жүйелері, электр қуат жүйелері тозығы жеткен, ауыстыруды қажет етеді. Жауын-шашын күндері ғимараттың төбе шатырынан су аққандықтан төбе сылақтары аңғал-саңғал болып түсіп қалған.

 

1 ауысым - 3 мектеп алды даярлық тобы, 1,4,7,8, 9-11 сынып оқушылары

2 ауысым - 2 мектеп алды даярлық тобы, 2,3,5,6  сыныптар.

Екінші кезеңдегі сабақтың уақыты 19.20–та аяқталады.

 

2012-2013 оқу жылынан бастап мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар ашылғандықтан оқушылар саны жыл сайын 90-100 оқушыға артып отыр. Мектебімізде «Жана орда» « Самал» «Балауса» «Зашаған» «Асан» сияқты және қаланың басқа де шағын аудандардан 350 оқушы келіп білім алады.

 

Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына талдау

Көп балалы отбасынан бала саны - 16.

Аз қамтылған отбасынан бала саны -14.

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасынан бала саны - 10.

Толық емес отбасының бала саны - 344.

Мектептегі мүгедек оқушылар саны-2.

Ата-анасы мүгедек оқушылар саны -6.

Ата- анасының екеуі де жұмыс істейтіндер -1283

Тек әкесі жұмыс істейтіндер балалар саны – 823

Тек анасы жұмыс істейтіндер балалар саны -460

Ата-анасы жұмыс істемейтін балалар саны -24

Отбасының әлеуметтік жағдайын талдау, балаларын қосымша біліммен қамтуға материалдық қиындық туғызатынын көресетеді.