1. «Қазақшаң қалай?» атты мектептегі «Достық» клубы мүшелерінің мерекелік құттықтау челленджі өткізілді.

Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай сынып сағаттары өткізілді.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізде "Жақсылық жасауға асығыңыз" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасы балаларына оқушылар тарапынан қолдау, көмек көрсету.

Мектебімізде ата - аналарға мектеп психологтары жиналысы "Зорлық-зомбылықтың алдын-алу" және "Балалардың психологиялық денсаулығы" тақырыбында өткізілді. Жиналыс барысында психикалық-бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуымен байланыстылығы айтылды.

№ 21 ЖОББМ 17 мамыр күні жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектеп оқушылары мен ұстаздарды марапаттау «Жұлдызды Олимп-2019» іс-шарасы өткізілді. Жыл қорытындысы бойынша «Мектеп Эрудиті» атағын 8 «Б» сынып оқушысы Загородний Александр иеленді.